

21 қазанда Мадридтегі Auditorio Nacional de Música концерт залында қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші әлемі» концерті өтті. Композитордың таңдаулы әндері алғаш рет испан тілінде орындалған бұл кеш «Shamshi 100» халықаралық мәдени жобасы аясында Мадрид, Париж және Нью-Йоркте жоспарланған концерттердің алғашқысы болды.

Әлемдік теннис жұлдызы Андрей Рублев Almaty Open ATP 250 турнирі шеңберінде «Асыл Мирас» аутизм орталығының он баласымен кездесті.

Болат Өтемұратов Қоры Аутизмі бар адамдардың мүдделерін қорғау жөніндегі жаһандық коалицияның (GAAC) өңірлік серіктесіне айналып, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдеріне арналған хаб құрады. Жаңа алаң аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ) бар адамдарды жүйелі қолдауды дамыту үшін халықаралық және өңірлік ұйымдардың сараптамасын біріктіреді.